Жанымды тыншытпайды сезім деген Қалай жүр, япырау, төзіп денем? Қаншама күндер өтті дамылдамай Қаншама түндер өтті көз ілмеген. Білмеймін, не іздейді сезім менен? Белгілі шегі де жоқ, жоқ тұрағы. Белгісіз қайда апарып соқтырады Не сезім мені бір күн от қылады Не сезім мені бір күн жоқ қылады. Адамның сезімінен сезіктенбе Сезімді сезіне біл, төзіп, көн де. Ақыл менен парасат бұғынады Шынайы шын сезімге кезіккенде. Авторы: Мұқағали Мақатаев
Hide player controls
Hide resume playing