30 мамырда өткен Қазақстан сенатының отырысында елді 30 жылдай басқарып, биыл наурызда отставкаға кеткен Нұрсұлтан Назарбаевқа “құрметті сенатор“ мәртебесін беру мәселесі талқыға салынды. Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдап дауыс беріп, парламент экс-президентке мәртебе беруді қаулы етті. Назарбаевқа “құрметті сенатор“ атағын беруді биыл наурызда ант беріп, Қазақстан президенті қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған. 27 мамырда сенат бюросының мүшелері ұсынысты түгел қолдаған. Сенат депутаттары Назарбаевқа “құрметті сенатор“ мәртебесін қалай берді?
Hide player controls
Hide resume playing