Myvideo

Guest

Login

video-02-04-18-12-04 (1)

Uploaded By: Myvideo
335 views
0
0 votes
0

Тасыбекова Торғын Жылқышықызы - 1938 жылы 15 тамыз күні Іле ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Актриса. Қазақстанның халық әртісі (1991). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері. Сахнадағы негізгі рөлдері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Актриса ойнаған рөлдері қатарында Жансұлу (Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаев], “Беу, қыздар-ай”), Айбала (Ә.Тәжібаев, “Той боларда”), Баян (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Әйгерім (Б.Римова, “Абай– Әйгерім”), Ақбала (Әуезов, “Қарагөз”), Әлиман, Бекей (Ш.Айтматов, “Ана – Жер-ана” мен “Ақ кеме”), Луфти (С.Ахмад, “Келіндер көтерілісі”), Лаура (А.С. Пушкин, “Шағын трагедия¬лары”), Корина (Ф.Эрве, “Түлкі бикеш”), Марселла (Лопе де Вега, “Қызғаныштан махаббат”), Бьянка (У.Шекспир, “Асауға тұсау”), т.б. бар. Торғынның актерлік өнері лирикалы-драм. бояуы молдығымен, айшықты, сыңғырлаған сөз сазымен, әдемі сахналық қимыл-қозғалысымен ерекшеленеді.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later