Қапшағай қалалық ауруханасында пандемия басталғалы 1221 адам ем қабылдаған. Дәрігерлерге Германия мен Ресейден келген білікті мамандар көмектескен. 63 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсететін бұл ауруханада 2 айлық дәрі-дәрмек қоры жасақталған. 11 өкпені жасанды желдету аппараты мен 23 оттегі концентраторы сатып алынды. Бұл жұмыстарға жергілікті кәсіпкерлер де белсенді түрде атсалысты. Қазір 32 адам ем қабылдап жатыр. Соның 31-і провизорлық стационарда болса, біреуі коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас.
Hide player controls
Hide resume playing