Myvideo

Guest

Login

Табии шп дрілермен емдеу орталыы

Uploaded By: Myvideo
5,071 view
0
0 votes
0

«Қазір қауіпті ауруларды операциясыз, табиғи шөптермен емдеуге болады. Бұл қазақтың дәстүрлі халық емі». Алматыда осындай орталық ашып, науқастарды дәрілік шөппен әрі отпен емдейтін мамандар осылай деді. Қазақтың дәстүрлі тәсілімен емдейтін орталыққа қазір келушілер көп. 1 жылдың ішінде 5000-нан астам адам ем алған. Ал, 2000-нан астам науқас операциясыз-ақ дертінен айыққан. Өйткені, мұнда мамандар әлемде қауіпті саналатын 12-13 түрлі ауруды табиғи шөп-дәрілермен емдейді. Орталық мамандары дәрілерді әр адамның ағзасына анализ жасап, әзірлейді. Сонда оның науқасқа кері әсері болмайды. 5 немесе 7 күннің ішінде жан-жақты тексеру жүргізіліп, содан кейін дәрі дайындалады. Ал, табиғи дәрі дайындау үшін олар дала кезіп, емдік шөптерді теріп әкеледі. Қазір мұнда елімізден бөлек, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдерден де науқастар келе бастаған. Ал, семейлік Мұғзиза апа тізесі мен белі ауырып, осы уақытқа дейін түрлі ем алған. «Тек осында емделгелі айтарықтай нәтиже байқадым», - дейді ол. Мұғзиза Ағанасова, Се

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later