2018 жылғы 25 ақпан күні Талдықорған каласының әкімдігі және Алматы облыстық WKF каратэ федерациясының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Астана қаласының 20-жылдығын мерекелеу аясында WКF - Каратэдан Талдықорған қаласының ашық Чемпионатына өтті. Ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы Алматы областы филиалы төрағасының орынбасары Нұрқадыров Серік Нұрқадырұлы, спорт және еңбек ардагері Әлімғазы Райымбеков ақсақал, Талдықорған каласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Рымтаев Әділет Рымтайұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. WКF - Каратэдан Талдықорған қаласының ашық Чемпионатына облысымыздың аудан, қалаларынан 250 спортшы қатысып жүлделерді сарапқа салды.
Hide player controls
Hide resume playing