Қарағандыдағы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы өрт күн сайын күшейіп келеді. Қазір қызыл жалын 2500 гектар алқапты жалмаған. Оның шамамен 30 проценті орман-тоғайлы жерлер. Бұл туралы облыстағы төтенше жағдай қызметінің басшысы мәлімдеді. Қарқаралыны оттың құрсауынан құтқаруға төтенше жағдайлар департаментінің барлық күш құрылымдары, жергілікті атқарушы билік мамандары мен техникалар, тіпті Ұлттық Ұлан сарбаздары да жұмылдырылған. Бірақ орманды алқапты жайлаған қызыл жалынды сөндіру қиындап кеткендіктен билік төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болып отыр. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing