Бүгін Қытайдан ұшып келген төрт адам өткір респираторлық вирустық инфекция жұқтырды деген күдікке ілінді. Олардан қан сынамасы алынды. Үш тәуліктің ішінде жан-жақты диагностика жасалады Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 6 қаңтардан бері Қытаймен арадағы барлық шекара бекетінде елге кіретін азаматтар арнайы құралдармен тексеріліп жатыр. Барлық адамға анкета жасалады. Артынан тіркеуге алынады.
Hide player controls
Hide resume playing