Алматы облысында туристік полиция құрылып, тәртіп сақшыларының алғашқы легі Алакөлге аттанды. Туристік полицияның негізгі міндеті – елімізге келген туристерге, қонақтар мен инвесторларға оларды қызықтыратын мәселелері бойынша кеңес беру, ақпараттандыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Туристік полиция қызметкерлері бейнетіркегіштермен, планшеттермен, рациямен жабдықталады. Олар мемлекеттік, орыс, ағылшын, қытай тілдерін, ел тарихын жақсы білетін қызметкерлер арасынан іріктеліп, жасақталды. Естеріңізге салар болсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен ІІМ алқа отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысына елімізде туристік полиция құрылатындығы туралы мәлімдеген болатын.
Hide player controls
Hide resume playing