Алматыда өгей әкесі көгала қойдай сабаған бала өлім аузында жатыр. Екі жасар бүлдіршіннің бас сүйегі сынып, миына зақым келіп, ішкі құрылысы түгел ісініп, денесінің сау тамтығы қалмаған. Кішкентай сәбидің бар айыбы - өкіл әкесіне теледидар көрсетпей, ызыңдап жылап, мазасын алыпты. Шешесінің үйінде жоғын пайдаланған қаскөй ішімдікке сылқия тойып, білгенін істеген. Есінен танғанша ұрған соң, өзі биіктен құлады деп ауруханаға жеткізген. Бұл қатыгездікке бес жастағы бала куә болған. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing