Биыл елордада жұмыс істейтін жастарды қоныс тойы күтіп тұр. Оларға арнап мыңнан астам пәтер бөлінбек. Тұрғын үй бағдарламасына сәйкес, мұндай баспаналар соңғы екі жылда меншігінде тұрғын үйі жоқ 29 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтарына берілмек. Олардың табысы 111 мың теңгеден кем болмауы керек. Атап өтерлігі, жалға берілетін бұл пәтерлерді онда тұратындар сатып ала алмайды. Бұл жастардың аяққа тұрып, өз баспанасы үшін белгілі бір көлемде капитал жинауына мүмкіндік туғызу үшін жасалып отыр. Бағдарлама аясында қаңтар айында 350 пәтер, ал жылдың соңында 1050 пәтер берілмек. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing