Myvideo

Guest

Login

40 - А ЖУЫ ЗАСЫЗ РЕКЕТ АНЫТАЛДЫ

Uploaded By: Myvideo
91 view
0
0 votes
0

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасына орай Таразда «Қауіпсіз қала» жедел-алдын алу акциясы бастау алды. Акцияның басты мақсаты - түн ішінде жиі болатын қылмыс пен жол жүру ережесін елемейтіндердің өрескел заң бұзуының алдын алу. Кезекті рейдке тәртіп сақшыларымен бірге «JAMBYL» телеарнасының түсірілім тобы да қатысты. Бір ғана түннің өзінде 40 –қа жуық заң бұзушылық әрекет анықталып, небәрі 4-5 сағаттың ішінде 20 автокөлік айыптұраққа жеткізілді. «Қауіпсіз қала» акциясына Тараз қалалық жол-патрульдік полициясының 15 экипажы және қалалық ішкі істер басқармасының 30-дан астам қызметкері, күзет қызметінің күзетшілері жұмылдырылды. Рейд барысында қауіпсіздік белбеуін тақпаған, көлік терезелерін заңсыз қараңғылап алған жүргізушілер анықталды. Ішінара мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүргендер де жеткілікті. Тәртіп сақшылары қаланың бірнеше нүктесінде кезекшілік жүргізді. Мас күйінде көлік тізгіндегендер де анықталды. Бірақ, бұзақылар полиция қызметкерлеріне оңай бағына қойған жоқ.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later