Myvideo

Guest

Login

100 РЕТ ИСТИФАР/ Астафирулла у тубу илй

Uploaded By: Myvideo
1 view
0
0 votes
0

Астағфируллаһ уә әтубу иләйһ Мағынасы: «Ұлы Алладан күнәларыма кешірім сұраймын және Оған тәубе етемін». Истиғфар ету - күнәның кешірімін тілеу, «Әстағфируллаһ» деп айту деген сөз. Мағынасы: «Мені кешір Аллаһым» деген сөз. Бұрындары апаларымыздың, аталарымыздың аузынан осы сөз түспейтін еді. Тұрғанда, отырғанда, қорыққанда да, қуанғанда да айтатындары осы сөз. Бұл кәлима қысқа болғанымен салмақты келеді. Тілін осындай кәлима айтып үйреткендер әдепке жат қылықтар мен жаман сөздерден аулақ болады. Бақ-берекеге қауышады. «Дүние-мүлкім көп, бірақ балам жоқ. Не істесем болады?» деп сұраған адамға бір сахаба истиғфар айтып жүруіне кеңес берді. Ол күніне 700 рет истиғфар айтуды әдетке айналдырды. Соңында он баласы болды. Адамдар хазреті Хасан Басриге жұттан, кедейліктен, бала болмауынан шағымданатын еді. Барлығына “истиғфар айтыңдар” деді. Себебін сұрағандарға Құран кәрімнен мына үш аятты оқыды: «Көктен мол жаңбыр жаудыруы үшін, сендерге дүние-мүлік және бала-шаға беріп жәрдем етуі үшін, сендер үшін бақтар мен өзендер беруі үшін өте кешірімді болған Раббыларыңа истиғфар етіңдер.» (Нұх 10-12). Алланың мейірімінің шегі жоқ. Әр адам күнәсі үшін теубе етіп, кешірім сұрағаны үшін төмендегі үлкен нығметтерге бөленеді: Алланың кешіріміне ие болады Дүниелік істерде таршылық көрмейді Қанағатшыл, сабырлы болады Күнә істерді жасаудан өзін тыяды Аллаға жақындай түседі Дұғаларының қабыл болуына себеп болады Рухани тазарады Жүрегі жұмсарып, мейірімді болады.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later