Қасиетті Түркістан ресми түрде дала тарихының куәгері ретінде түркі әлемінің рухани астанасына айналды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы 31 наурызда Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде мәлімдеді. Бұл біз үшін асқан мәртебе, ауыз толтырып айтарлық жетістік екені даусыз. Мемлекет басшысының осы бір айтулы мәлімдемесінен соң негізгі атқарылар іс-шаралар басталып кетті. Арада 3 ай өткенде шығыс ертегісіне айналған ежелгі қаланың жанданған ерекше келбетін өз көзімен көруге шетелдік қонақтар да келді. 2021 жылдың 21 маусымынан бастап үш күн бойы «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдері жастарының көшбасшылары мен белсенділерінің халықаралық саммиті өтті. Сапардың басты мақсаты – ортақ тарихы, мәдениеті, дәстүрі мен құндылықтары бір-бірімен астасып жатқан елдердің жастарын біріктіру. -------------------------------------------------------- КАНАЛҒА ТІРКЕЛ / ПОДПИШИСЬ НА КАНАЛ: АРНАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК
Hide player controls
Hide resume playing