ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы СҚО-да болып қайтты Начальник оперативно-криминалистического департамента МВД РК посетил СКО _______________________________________________________ Еліміздің бірнеше өңірінен келген криминалистер бастапқы криминалистикалық зерттеулерді өз бетінше жүргізу құқығына ие болу мақсатымен емтихан тапсыру үшін СҚО-ға келді. Облыста ІІМ-нің көшпелі біліктілік комиссиясы жұмыс істеді. Оны жедел-криминалистикалық департаменттің бастығы полиция полковнигі Серік Садықов басқарды. Емтиханға қатысу үшін СҚО, Ақмола және Қостанай облыстарының криминалистері, сондай-ақ көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері – барлығы 30-дан астам адам келді. Оларға заңнама мен теорияны, саусақ іздерін зерттеу мен суық қаруды зерттеудің практикалық дағдыларын көрсету қажет болды. Сонымен қатар, өткізілген кеңес аясында Серік Садықов криминалистикалық бөлімшелердің қызметкерлеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын және ІІМ басшылығының тапсырмаларын орындау үшін қабылданған ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру жөніндегі негізгі ережелерді түсіндірді. Сондай-ақ сапар барысында полиция полковнигі Серік Садықов солтүстікқазақстандық криминалистердің жұмысының ұйымдастырылуын, техникалық жарақтандырылуын және қызмет атқару жағдайын тексерді. Қару-жарақ, қылмыс құралдары, заттай дәлелдемелер мен сот-медициналық жабдықтардың бай жинағы бар сот-медициналық полигон оң бағаға ие болды. Мұнда Солтүстік Қазақстан университетінің жас қызметкерлерімен және заң мамандықтарының студенттерімен тұрақты түрде сабақтар өткізіледі. Айта кету қажет, Серік Садықов болашақ заңгерлермен кездесу өткізіп, полицияның болашақ кәсіби кадрларын қалыптастыру үшін оқу орнымен жасасқан ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтті. Ол кинологиялық қызмет орталығына да барды. Бүгінгі таңда солтүстік аймақ полициясындағы қызметтік-іздестіру иттерінің үшеуі қылмыс орындарынан алынған иіс іздерімен жұмыс жасау желісі бойынша үйретілген және одорологиялық іріктеу жүргізу үшін қолданылуда. Қызметтің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін және проблемалық мәселелерді шешу жолдарын министрлік өкілі СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновпен кездесуде талқылады. Облыстың бас полицейі қызметтердің заманауи техникалық жарақтандырылуы мен жеке құрамның біліктілігін арттыру қазіргі таңдағы қылмысқа қарсы күресте маңызды екенін атап өтті. _______________________________________________________ Криминалисты из нескольких регионов страны побывали в СКО, чтобы пройти экзамен на право самостоятельного проведения первоначальных криминалистических исследований. В области работала выездная квалификационная комиссия МВД. Её возглавлял начальник оперативно-криминалистического департамента полковник полиции Серик Садыков. Для участия в экзамене прибыли криминалисты из СКО, Акмолинской и Костанайской областей, а также сотрудники департамента полиции на транспорте — всего свыше 30 человек. Им необходимо было показать знание законодательства и теории, практические навыки дактилоскопических исследований и исследований холодного оружия. Кроме того, в рамках проведённого совещания Серик Садыков разъяснил сотрудникам криминалистических подразделений основные положения по совершенствованию деятельности органов внутренних дел, принятых во исполнение Послания Президента РК Касым-Жомарта Токаева и поручений руководства МВД. Также в ходе визита полковник полиции Серик Садыков проинспектировал организацию работы североказахстанских криминалистов, техническую оснащённость и условия несения службы. Одобрительную оценку заслужил криминалистический полигон, располагающий богатой коллекцией оружия, орудий преступления, вещественных доказательств и криминалистического оборудования. Здесь регулярно проводятся занятия с молодыми сотрудниками и студентами юридических специальностей Северо-Казахстанского университета. К слову, Серик Садыков провёл встречу и с будущими правоведами, отметив эффективность сотрудничества полиции с учебным заведением для формирования профессиональных кадров завтрашней полиции. Посетил он и центр кинологической службы. На сегодняшний день три из служебно-розыскных собак в полиции северного региона обучены по линии работы с запаховыми следами, изъятыми с мест преступлений, и используются для проведения одорологических выборок. Материально-техническое обеспечение службы и пути решения проблемных вопросов гость из МВД обсудил на встрече с начальником ДП СКО Айдыном Кабдулдиновым. Главный полицейский области отметил, что актуальное техническое оснащение, наряду с повышением квалификации личного состава, играет важную роль в борьбе с преступностью в современных условиях.
Hide player controls
Hide resume playing