Белсенді Жанболат Мамай бастаған топ жексенбі күні Алматыда наразылық шарасына шығып, полицияның арнайы жасағының қоршауында қалды. Полиция оларды қоршаудан шығармай, не ішке ешкімді кіргізбей сағаттар бойы ұстап тұр. Қоршаудағы екі адамды жедел жәрдем көлігі алып кетті. Олардың бірі – Oyan, Qazaqstan қоғалысының белсендісі Әсем Жәпішева. Полиция жасағы оның жақтастарын Республика алаңына жеткізбей, Сәтбаев көшесінің бойындағы Аграрлық университет алдында қоршауға алып, жеті сағаттан соң босатқан. Ал Мамай мен оның қасындағы 25-тей адам сегіз сағатқа жуық қоршауда тұр. Белсендінің айтуынша, полиция оларды тіпті дәретханаға жібермейді.
Hide player controls
Hide resume playing