Myvideo

Guest

Login

Мені атым ожа (зінді)

Uploaded By: Myvideo
788 views
0
0 votes
0

Бұл фильмде Қожа деген баланың басынан өткен қызықты оқиғалары баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да адам болуға тырысады. Бұл шығармада Қожаның балалық махаббаты да үлкен роль ойнайды. Ол сыныбындағы Жанар деген қызға ғашық болады. Оған арнап Абай атасының өлеңдеріне еліктеп, өлең шығарады. Жанарды әрдайым көргісі келіп тұрады. Бірақ Қожаны сыныптас достары әрдайым мазақ етіп «Қара Қожа», «Қара көже» деп келемеждейді. Қожа өзінен бір-екі жас үлкен Сұлтан деген досының айтқанынан шықпайды. Сұлтан мектептегі оқуын тастап бос сенделіп жүрген бала. Осы Сұлтан досының айтқанын істеймін деп, көңіліне қарап анасын да, мектептегі апайларын да бірнеше рет ренжітеді. Соңында мектеп директоры, анасын шақыртып Қожаның тәртібін қарайды. Анасы Қожаға қатты ренжіп сөйлеспей қояды. Қожа болашақта бұзықтығын тастайтынын, үлгілі оқушы болатынын айтып, анасынан кешірім сұрайды. Оқиға барысы бала тіліне жаттық, көркем суреттелген.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later