Myvideo

Guest

Login

Депутат спан Абзал Темірханлы з пікірін айтты. Халын ойлайтын депутаттар лдеде бар екен, лкен РАХМЕТ айтамыз

Uploaded By: Myvideo
2 views
0
0 votes
0

Парламент депутаттары Аймағанбетов А.Қ. Бейсенбаев Е.С. Еспаева Д.М. Сулейменова Ж.Д. “Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігінің қамтамасыз ететін“ заң жобаны қабылдауға асығыс. Депутат Құспан Абзал Темірханұлы өз пікірін айтты. Халқын ойлайтын депутаттар әлдеде бар екен, Абзал Темірханұлына үлкен РАХМЕТ айтамыз. Бұл заң әйелдердің құқығын қорғауға бағытталған ба, әлде шектеудеме? Шенеуніктердің отбасына араласуы деп ойлаймыз. Бір көршің, мына үйде ұрыс болып жатыр деп 102-ге телефон соқса, отбасына құзырлы органдар келіп, әйелдің қарсылығына қарамастан, татуласуға мүмкіндік бермесе, ер азаматынан айырса? Балалардың әкесіз қалдырса? Бұл айрандай ұйып отырған шаңырақтың шайқайғаны емеспе? Отбасы болған соң ыдыс сықырлайды, түсінбеушілік ерлі зайып арасында болып тұрады, оны жоққа шығара алмаймыз. Жанжал, ұрыс шықпас үшін, екеуі де мылқау болуы керекпе? Бұл өмір, өмірде әртүрлі жағдай болып тұрады. Ер азамат сол отбасының жалғыз асыраушысы болса?Оған қоса кредиттері болса? Отбасы жалдамалы пәтерде тұрса? Балалар әкесіне қатты жақын болса? Ана мен баланың арасы не болмақ? Ары қарай жағдай не болмақ? ЮВЕНАЛДЫҚ дәуірі келмейдіме? Сұрақ көп, бірақ бір білетініміз бұндай заң біздің қазақ еліне қажеті жоқ, әркімнің өз құқығы бар, шағым жазуға жазбауға, қалай өмір сүруіне, отбасының өміріне араласуына ешкімнің құқығы жоқ.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later