Алматыда өткен брифингте Bek Air компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов апат туралы мәлімдеді. Кездесудегі алғашқы сұрақ Bek Air-дің үнсіздігі жайында болды. Компания басшылары жерлеу рәсімімен айналысып, жарақат алғандар мен апат жайында ақпарат жиғандарын айтты. Олардың пікірінше, Fokker 100-ден бір минут бұрын көкке көтерілген Air Astana әуе компаниясына тиесілі AirBus А321 Neo ұшағынан қалған ілеспе жел апатқа әкелуі ықтимал.
Hide player controls
Hide resume playing