Тай үйрету жарысы өңірде жақсы дәстүрге айналып келеді. Топ жарғандар тарту-таралғысыз қалмайды. Ауыл тұрғындары «ұлттық спорттың бұл түрі балаларды зиянды әдеттерден аулақ болып, өжеттік пен қайсарлыққа баулиды»,-дейді. Бұл - Балуан Шолақ ауылында жұма сайын өтетін жиын. Ауылдың атқа құмар азаматтары ұйымдастырған жарысты еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін қызықтайды. Бас жүлдеге тігілген тай кімге бұйыратыны бәріне қызық.
Hide player controls
Hide resume playing