«ИМАНЫМ ӘЛСІРЕП КЕТТІ...» дейтіндерге оразаның алдындағы он кеңес: 🌿 Күн шықпай тұрып Алладан жарылқау тіле. Себебі, Алла Тағала «Әли Имран» сүресінің 17-аятында: «Олар - сабыр етушілер, шыншылдар, бой ұсынушылар, Алла жолында мал сарып қылушылар және таң сәріден жарылқау тілеушілер (таң намазын оқушылар)», - деген. 🌿 Әркез өзіңді жоқтан бар еткен Жаратушыңды есіңе ал әрі әлем, оның жаратылысындағы таңғажайыптар туралы ой жүгірт. «Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (әр халде) Алланы еске алады. Сондай-ақ, олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: «Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді от азабынан сақта!» - дейді» (“Әли Имран“ сүресі, 191-аят) 🌿 Айналаңа Алланы есіңе салатын адамдарды топтастыр. «(Мұхаммед Ғ.С.) таңертең, кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет». («Кәһф» сүресі, 28-аят) 🌿 Алланы зікір етушілерден бол. «Әй мүміндер! Алланы өте көп зікір етіңдер» («Ахзаб» сүресі, 41-аят), «Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан ж
Hide player controls
Hide resume playing