Қордайдағы қақтығыстан зардап шеккендер саны ұлғайды. Бұған дейін 170 адам делінген еді, бүгін жаңа дерек жарияланды. Денсаулық сақтау вице- министрі Камалжан Надыровтың айтуынша, нақтыланған деректер бойынша 182 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қазіргі таңда олардың 41-і ауруханаларда жатыр екен. Түрлі дене жарақатын алғандардың 29-ы Алматыда, 12-сі Жамбыл облысында ем-дом қабылдауда. Бес адамның жағдайы ауыр болғандықтан жансақтау бөлімінде қалып отыр. Олардың екеуінің халі мүшкіл. Ота үш тәулік бұрын жасалса да, оқ жарақатын алған екі жігіт әлі есін жимаған. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Екеуі де Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасында жатыр. Қалғандары ауыр бас-ми жарақатын алыпты. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing