Бірінші маусымнан бастап карантиндік шаралар тағы да жеңілдейді. Енді ертеңнен бастап пойыз қатынасы жанданып, аймақаралық блок бекеттер ашылады. Тұрғындар енді жеке көлігімен қалааралық бағытқа шыға алады. Ал 5 маусымнан бастап, ел аумағы мен халықаралық бағыттарда автобус қатынастары да жолға қойылмақ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдегендей, өңірлерде індет таралу деңгейі теңескендіктен, блокбекеттерді жабуға қазір қажеттілік жоқ. Бұдан бөлек, қалалардағы фитнес, спа орталықтары, спорт және мәдени нысандардың да жұмысы жанданбақ. Ерекше атап өтетін бір жайт, санитарлық дәрігерлердің шешімімен індет таралу ошақтарындағы бекеттер жағдай тұрақталғанша сақталатын болады. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing