‼️ШЕТЕЛДІКТЕР АСЫРАП АЛҒАН ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНАН ХАБАР ЖОҚ Еліміздің құзырлы органдарында 1999 жылға дейін шетелдік азаматтар асырап алған қазақ балалары жайында ақпарат жоқ. Мұхит асып кеткен ұл-қыздарымыздың мәселесін сенатор Дархан Қыдырәлі көтерді. Статистикаға қарасақ, сәбилерді өз тегіне жаздырып, елшілікпен байланысты үзіп, ізім-ғайым жоқ болғандарда аз емес. Мәселен, Африкаға кеткен 30 баладан, Америкадағы 104-інен, Бельгиядағы 113 баладан хабар жоқ. «Оңтүстік Африка, Кения, Филиппин, Мексика, Мальта, Аргентинаға кеткен 120 баланың санатын анықтау керек», - дейді депутат.
Hide player controls
Hide resume playing