Жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулар әлеуметтік сипаты жағынан аса маңызды аурулардың қатарына жатады. Жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың кең тараған түрлері: мерез, соз, хламидиоз, гениталдық герпес. Бұл аурулардың қоздырғыштары – вирус, микоплазма, бактерия болып табылады. Өйткені бұл аурулар кеңінен таралуымен қатар, адам ағзасында, сондай-ақ бүкіл қоғамға тигізетін қауіпті әсерімен ерекшеленеді. Дер кезінде диагнозын анықтамаған және уақытында тиімді емделмеген жағдайда, бұл аурулар ерлер мен әйелдердің дүниеге бала келтіру қызметін бұзып, балалардың туа біткен ауруларға шалдығуына, ішкі ағзалардың зақымдануына себепкер болады. Жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардан сақтану үшін кездейсоқтық жыныстық қатынастан аулақ болу қажет. Сондай ақ мүшеқаптарды пайдаланып, жеке бас гигиенасын сақтау қажет. Кез-келген адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керек. Сонда ғана аурулардан сақ бола алады.
Hide player controls
Hide resume playing