«Түркі өркениетін жаңғыртуды ең алдымен Яссауи мұрасы мен қасиетті Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырамын». Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесі бейресми саммитінің ашылуында осылай деді. Басқосу қасиетті Түркістан қаласында ұйымдастырылуы тиіс еді. Алайда пандемияға байланысты күрделі ахуал туындап, онлайн форматта өтті. Саммитке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан басшылары және Венгрия Премьер-министрі қатысты. Жиынды ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестерін Наурыз мерекесімен құттықтады. Сосын саммит қорытындысында түркі елдерінің мәдени құндылықтарына және кеңестің мәртебесіне қатысты декларация қабылданатынын жеткізді. «Түркі өркениетін жаңғыртуды Түркістаннан бастаудың бір себебі – бұл шаһар қастерлі қара шаңырақ, құтты мекен әрі аңсарлы атажұрт», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы өңірде бабаларымыз ғұлама ұстаз Қожа Ахмет Яссауиден діни білім алып, ислам мәдениетін әлемге таратқаны белгілі. «
Hide player controls
Hide resume playing