Осымен әлем біріншілігі мәресіне жетті. Әлемнің 120 елінен келген 700- ден астам спортшы бағын сынады. Олимпиада қарсаңындағы байрақты бәсеке болғандықтан әр мемлекет өздерінің кілең мықтыларын әкелді. Қазақ жігіттері барын салды. Елдос Сметов 2009 жылғы Максим Раквотың жеңісін қайталап, чемпион атанды. Рустам Ыбраев елімізге күміс әкелді. Командалық сында ерлер арасында бесінші болдық. Жалпы алғанда осы додалы бәсеке Халықаралық дзюдо федерациясы тарапынан жоғары баға алды. Тағы бір айта кетерлігі, Халықаралық федерацияның екі жылда бір өтетін жиыны Астанада ұйымдастырылды, оған 140-қа жуық мемлекеттің өкілі қатысты. Осы чемпионат әлемнің 150-ден астам елінде көрсетілді. Астанаға біріншілік барысында жұмыс істеуге 160 журналист дүниежүзінің түкпір – түкпірінен келді. Қазақстан дзюдо федерациясы атынан қолдағаны үшін барша жанкүйерлерге алғыс білдіреміз, бапкерлер мен спортшыларға жеңіс сыйлағанларына рахмет, ал өңірлерден келіп ат салысқан әріптестерге ерекше ілтипат, осы шараның басы – қасында жүрген жас с
Hide player controls
Hide resume playing