Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ыстамбұлдағы Жеррахпаша университетінің ректоры Нури Айдын бастаған делегациямен кездесті. Әңгіме барысында медициналық кластер саласындағы ынтымақтастық бағыттары талқыланды. ҚазҰУ басшылығы білім ордасына арнайы келген мәртебелі меймандарға ризашылық білдіре отырып, медицина саласындағы кадр даярлау тәжірибесімен бөлісті. Бүгінде білім ордасында 16 факультет бар, олардың қатарына Джеррахпаша университетінің медицина факультетімен бағыттас медицина және денсаулық сақтау факультеті де кіреді. Бүгінде ҚазҰУ базасында медициналық орталық табысты жұмыс істейді. Кездесуде тараптар биомедицина саласындағы бірлескен ғылыми-инновациялық әзірлемелер келешегі жайлы пікір алмасып, студент, оқытушы және ғылыми қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы бойынша ынтымақтастықты кеңейту, магистранттар мен докторанттарға арналған оқу бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу мәселелерін кеңінен қарастырды. Айта кету керек, ҚазҰУ Түркияның 40-тан астам жоғары оқу
Hide player controls
Hide resume playing