Алматы облысындағы Шарын шатқалында алдағы бес жылда 12 нысан салынады. Шарын сияқты мемлекеттік ұлттық-табиғи парктерде саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасалып, жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Туристік маршрут он шақты шақырымға созылады. Шарын шатқалы – ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Ол теңіз деңгейінен 1 300 метр биіктікте орналасқан. Құздардың биіктігі 370 метрге дейін жетеді. Өткен жылы бұл шатқалдарды көру үшін 20 мың адам келген. Әлемде мұндай шатқалдар тек АҚШ-тың Аризона штатында ғана кездеседі.
Hide player controls
Hide resume playing