Myvideo

Guest

Login

сбегі - руслан Абыл

Uploaded By: Myvideo
347 views
0
0 votes
0

Бүркіт салу, саятшылық өнерді қазақтың қанына сіңген салт-дәстүр, тіпті ерекше құбылыс деп атауға болады. Бұл ескі мен бүгінді жалғайтын құдды бір алтын арқау секілді. Сол арқауды үзіп алмай6 жалғастырып келе жатқан осы жолды ұстанған, бекзат өнерді серік еткен жандар баршылық. Ұлтымыздың тарихын терең зерттеген зерттеушілердің айтуынша, құсбегілік өнер үш мың жылдың ар жағында бастауын алған екен. Құсты аңға салып, аңшылықты кәсіп етуден бөлек, мұны спорт деп те бағалауға әбден болатындай. Ал құсбегілік ең негізгісі ұлтты ұлт етіп, оның құндылығын арттыра түсетін ғажайып дәстүр екенін естен шығармаған абзал. Қазіргі таңда осынау атакәсіпке мемлекет те ерекше көңіл бөліп, ұлттық федерациясы өз қамқорлығына алып, түрлі фестивалдер ұйымдастырып жатыр. Осының арқасында еліміздің құсбегілік өнері ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орынға көтерілді. Әлемдік деңгейде де мойындала бастады. Құсбегілікпен бала күнінен достасқан, бүгінде таза көшпенді өмір салтын ұстанған ерекше жанның бірі - Руслан Абыл.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later