Myvideo

Guest

Login

ЖААША ЖАЫРАН УЕНДЕР концерті болып тті.

Uploaded By: Myvideo
14 views
0
0 votes
0

Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының 90 жылдық мерейтойы мен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 80 жылдығы аясында КСРО және Қазақ КСРның халық артисы, КСРО және Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықтарының иегері, әйгілі композитор Құдыс Қожамияровтың шығармалары бойынша «ЖАҢАША ЖАҢҒЫРҒАН ӘУЕНДЕР» концерті болып өтті. Концертте Құдыс Қожамияровтың “Дутар туралы поэма“ туындысын солистар Разиям Хамраева мен Сахиб Абдумаин драма актерларынан құрылған хормен бірге “Нава“ ансамблі мен Курмангазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттерінен құралған оркестр сүйемелдеуінде орындады. Бауырлас халықтардың достығын өз шығармаларында әрдайым ту еткен Құдыс Қожамияровтың “Қазақ биі“ туындысын “Рухсарә“ би ансамблі шебер орындады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, драма актеры Пархад Даутов әйгілі сазгердің “Ризвангул“ әнін шырқады, Концерт соңында К. Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының басшысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дилмурат Бахаров пен Құрмангазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Гаухар Тасбергенова сахнаға көтеріліп, бүгінгі маңызы жоғары іс-шараға келген қонақтарға өз алғыстарын білдірді. Көрнекті сазгердің басқа да шығармалары концерт барысында орындалып, көрермен қауымды жаксы әсерге бөледі. Концертті дайындағандар: Сценарий авторы – Гульбахар Насирова, «Құрмет» орденінің иегері. Саханалаған режиссер - Дилмурат Жанбақиев. Дирижерлер – Алимҗан Тоқаев, Ялқунҗан Азизов. Хормейстер - Ғазиз Искандеров. Бас балетпейстер - Ажарбуви Халимова. Суретшілер - Гузел Мамединова, Рустам Мусаев. Балетмейстер - Эльдар Абдуллаев. Видеоинженер - Султан Мусаев.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later