Су тасқыны кезінде өз күшіктерін құтқарып жатқан итті көріп жүрегім елжіреді. Құдай-ау, ит екеш иттің өзінде аналық махаббат бар. Белден келетін мұздай суға түсіп, өз баласы үшін қорықпай тәуекелге барды. Қасиетті ана ұғымы жануарлар әлемінде де ана болып қала береді екен. Ана махаббаты - бұл кез-келген тіршілік иесінің бойында табылатын теңдесі жоқ сезім. Ол махаббат ең ауыр сәттерде көрініс табады. Кейде жануарлар бізге махаббаттың, ұрпағына деген қамқорлықтың пәк үлгісін көрсетеді. Бұл туа біткен аналық инстинктің кереметі - өзінің терең ғибратымен таңқалдырады. Баласы үшін басын қатерге тіккен батылдық пен махаббаттың - бұл көрінісіне қарай отырып, тіпті ең қараңғы һәм қауіпті сәттерде де, тіпті бүткіл ғалам саған қарсы тұрғанда да, ананың махаббаты өзгермейтініне көз жетеді. Ана баласы үшін жанын пида етуге дайын тұрады. Құдды қараңғы бөлмедегі кішкентай сәуле іспетті. Ана барлық әлемде де ана болып қала береді. Кілтсөз: Dog mom jumps into flood to rescue puppy, Mother dog saves her puppy, Mother dog moving her puppies. #СуТасқыны #ТабиғатАпаты #Ақтөбе
Hide player controls
Hide resume playing