Myvideo

Guest

Login

Собрание Клуба

Uploaded By: Myvideo
27 views
0
0 votes
0

Алматы қаласы діни бірлестіктерінің өкілдері Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті. 2023 жылғы 3 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған қаланың діни конфессиялары өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті. Шараға Алматы қаласында тіркелген діни бірлестіктердің басшылары, мемлекеттік органдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Діни бірлестіктер көшбасшылары этносаралық және конфессияаралық келісімді, толеранттылық пен өзара сыйластық қағидаттарын одан әрі нығайтудың, қоғамдық келісімді нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов: «Біздің еліміз үшін басты басымдықтардың бірі конфессияаралық және ұлтаралық келісім мен халық бірлігін сақтау болып қала береді. Қала әкімдігі өз кезегінде қоғамдағы конфессияаралық келісімді сақтау бойынша мақсатты және жүйелі жұмыс жүргізуде. Ол үшін әртүрлі діни конфессиялардың өкілдері, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы диалогты жандандыру және нығайту бойынша нақты шаралар жүзеге асырылуда», – деп атап өтті. Сондай-ақ, жиналыс барысында Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті превенция басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептердің кешенін түсіндіріп, діни көшбасшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын тиімді пайдалану бойынша бірқатар ұсынымдар енгізді. День единства народа Казахстана отметили представители религиозных объединений Алматы. 3 мая 2023 года прошло собрание с участием представителей религиозных конфессий города, посвященное Дню единства народа Казахстана. В мероприятии приняли участие руководители зарегистрированных в Алматы религиозных объединений, представители государственных органов, антикоррупционной службы и неправительственных организаций. Духовные лидеры обсудили актуальные вопросы дальнейшего укрепления межэтнического и межконфессионального согласия, принципов толерантности и взаимоуважения, укрепления общественного согласия. «Одним из главных приоритетов для нашей страны было и остается сохранение межконфессионального и межнационального согласия и единства народа. Акимат города в свою очередь ведет целенаправленную, системную работу по сохранению межконфессионального согласия в обществе. Для этого реализуются конкретные меры по активизации и укреплению диалога между представителями различных религиозных конфессий, государственными органами и неправительственными организациями», – отметил руководитель Управления по делам религий г.Алматы Нурлан Кикимов. Также в ходе собрания руководителем Управления превенции Департамента по противодействию коррупции по г.Алматы Канатом Салимбаевым были разъяснены комплекс причин, способствующих коррупционным правонарушениям, внесены ряд рекомендаций по эффективному использованию превентивных антикоррупционных мер духовными лидерами.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later