Қазақстан Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлыбританиялық ВВС телеарнасының Hard Talk бағдарламасына сұхбат беріп, Назарбаевтың билігі және елдегі жемқорлықпен күрес туралы айтты. Сұхбат 20 маусымда ВВС News телеарнасына және BBC радиосына шықты. - Назарбаевтың билікте ұзақ отыруы - тұрақтылықтың белгісі. 2020 жылға дейін билікте болады. 2020 жылы Назарбаев 80 жасқа толады. Сайлауға қайта түсуді өзі таңдайды. Сайлауға түсіп жатса, еш сөкет емес деп ойлаймын. Малайзияда 92 жасқа толған адам (Махатхир Мохамад-ред.) премьер-министр болды ғой. Мүмкін 2020 жылы басқа кандидаттарды көріп қалармыз. Меніңше, ол сайлауға түспейді. Сайлауға түседі деп ойламаймын. Бұл - менің жеке ойым. Әрине бәрі Назарбаевтың өзіне байланысты, - деді Тоқаев ВВС эфирінде.
Hide player controls
Hide resume playing