Жыл басынан бері өңір аумағында ұл-қыздардың қатысуымен 26 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 2 бала көз жұмған. Бірінші қайғылы жайт 19-шы тамыз күні Ақжар ауданында тіркелсе, екіншісі өткен сәрсенбіде ғана Ғабит Мүсірепов ауданында орын алған. Бұл жайлы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтылды. Брифингіде мониторингілік топтардың жұмысы да сараланды.
Hide player controls
Hide resume playing