Отырар ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ҰОС соғысының ардагері Төлеген Омаровты еске алуға арналған бокстан респубикалық біріншілік бастауын алған болатын. Жас былғары қолғап шеберлерінің өз мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік беріп, жол ашатын республикалық турнир биылғы жылы да жоғары деңгейде өтті. 13 салмақ дәрежесінде 153 өрен бақ сынап, тартысқа толы сынның көркін қыздырды.
Hide player controls
Hide resume playing