Қазақстанды 30 жыл билеген Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткеннен кейін «басқармалы билік транзиті» қалай өтіп жатыр? Оның үлкен қызы неге сенат спикері лауазымынан айырылды? Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігі немен ерекшеленеді? Бұл сұрақтарға “Қазақстанның сыртқы саясатына сараптама. Назарбаев дәуіріндегі неоеуразияшылдық“ кітабының авторы, Глазго университетінің Орталық Азияны зерттеу бойынша профессоры Люка Анчески жауап берді.
Hide player controls
Hide resume playing