? “Падружкасы“ екеуміздің қызу әңгімемізге жылы жымиып, көркем мінез көрсетіп отырған әжеміз кеше тілін кәмаға келтіріп жан тәсілім етіпті. Ақ батасын алып, амандасуға ат басын бұратын балалары бүгін жаназасын шығаруға келіп тұр. Үйіне бара қалсам төсек тартып жатқан әжеміздің көңілін аулап, бөлмесінен шықпаушы-едім. Ата-аналарымыз ортақ болған Тәубежан мен Саят достарымыздың анасын АЛЛА тағала фирдаус жәннәттық еткей. Қысқа ғұмырда бір-бірімізді құрметтеп жүрейік. МІНƏЖАТ – МОНОЛОГ... Жоқ едім. Жоқтан барға айналдым. Бір тамшы қан едім, Қаннан жанға айналдым. Шыр еткен үнім шығып Түнектен таңға айналдым. Күн өткен сайын, Дүния дидарына қанбай қалдым... Азғырып ақылымды, Аз ғұмыр арбайды əр күн. Ауырлай берді-ау жолым, Арылмай маңдайдан мұң. Жаралы жаным неге, Ішінде жүрмесем де қан майданның? Момақан мүмін емес бəрі бірдей Тəңірден дұға тілеп қол жайғанның. Өмірге неге, не үшін келдім, Қайдамын, Кіммін, Қандай жанмын? Мен де бір тағдырына тұтқын құлмын, Күнəсіз күндерді аңсар балдай-балғын. ...Жерімнің топыр
Hide player controls
Hide resume playing