ШЕШЕМШІҢ ІРІМШІГІ Ауылдан қалаға көшіп келгелі жиырма бес жыл болыпты.Бүгін шешем осыншама жылдан кейін,аулаға қазан ошақ орнатып,қайтадан ірімшік қайнатудың сыр-құпиясын келініне үйретті.Оның ірімшік жасау әдісі мүлдем ерекше сияқты.Оған енесі көрсетіпті.Он шақты күн бұрын жаңа сойылған қойдың ұлтабар ішегінен сүт ұйытатын “мәйек“ әзірледі. -Сүтті айранмен ұйытып қайнатса ірімшіктің табиғи дәмі болмайды. Базардағының көбісі майы айырылған сүттен жасалған және бастапқыда резеңке сияқты болып тұрады. Дәмсіз.Кейін тас-емен болып қатып қалады-дейді. Бала күнімізде үйде сауынды алты сиыр,екі түйе,он шақты ешкі болды.Анамыз сүттен ірімшік-құрт қайнатып, қаймақтан май шайқайтын еді.Шелекте салқын шұбат көпіріп тұрады.Су орнына сіміреміз.Әлі есімде ауданнан,облыстан арнайы сұраныспен шешемнің қолынан шыққан сүт тағамдарын алдыратын еді.Бір жылдары құрт-ірімшік Алматы қаласына да жол тартты. Қазір қазанға қайнатылған сол майлы ірімшікті көріп бала күнім есіме түсіп отыр. Шынымды айтсам осыншама жылдан кейін мұрныма
Hide player controls
Hide resume playing