Данияр мен Мадияр атты екі ағайынды жігіт, отбасылық жағдайларына байланысты ай сайын үй ауыстырып тұруға мәжбүр. Екеуінің бір- бірінен басқа ешкімі жоқ, ағасының басы қиындыққа түскенде, інісі көмекке келер, інісінің өміріне қауіп төнгенде, ағасы өз өмірін қиюға дайын. Жаңа бір ауылға келіп, жаздың ыстық бір күнінде шомылуға барған екі ағайынды жігіт, сол ауылдың сотқарларымен тіресіп қалады. Төбелес барысында ауылдағы жігіттердің бірі жазатайым жазаланып, қайтыс болады. Жігіттің өліміне өздерін кінәлаған ағайындылар ауылдан қашады. Қайтыс болған жігіттің ағасы көпке танымал бір дөкей болып шығады, қалай да інісінің кегін алмақ болып, ағайынды екі бауырдың артына түседі...
Hide player controls
Hide resume playing