Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендердің қатары күннен күнге артып келеді. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 60 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсіп, екі адам көз жұмыпты. Оның бірі әскери қызметкер көрінеді. Жансақтау бөлімшесінде жатқандар да бар. Сондай-ақ, жарылыс кезінде перзентханаға толғатып барған келіншекті сол маңдағы тұрғындар өздері босандырып алыпты. Біреуге жан қайғы болып жатқан тұста, кейбір ұры-қарылар тұрғындардың дүние мүлкін тонауға кіріскен. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing