Танысының үйіне қонаққа келген шетелдік әйел 20 миллион теңгенің затын ұрлап кетті. Өзбекстан Республикасының азаматы пәтерден зергерлік бұйымдар мен танымал брендтердің киім-кешегін қолды қылған. Оның ішінде қымбат тұратын швейцар қолсағаты, әшекей бұйымдар мен басқа да заттар болған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда күдікті қолға түсті. Ол кінәсін толық мойындаған. Тергеу барысында анықталғандай, сезікті әйел пәтерге үй иесінің шақыртуымен бірнеше мәрте келіп жүріпті. Ер адамның сеніміне кірген ол қомақты қаржының заттарын алып кеткен. Уақытша қамауға алынған оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing