Америкалықтар мен қазақтарды ортақтастыратын тұлғалар тарихта да бар. Солардың бірі – Дуглас Маккернан. Маккернан жайлы дерек көп емес. Бірақ оның өмір жолында Оспан батырмен тоғысатын сәттер бар. Маккернанның өмірдеректерінен Оспан батырдың атын кездестіруге болады. Дуглас Сеймур Маккернан 1950 жылға дейін АҚШ Мемлекеттік департаментінің Үрімжідегі вице-консулы болған. Ағылшын тілінен транскрипциямен аударғанда оның тегі «Маккирнан» деп те айтылады. Ал кезінде оны Қытайдағы қазақтар «Мәкенан» деп атаған екен. Дуглас Маккернан америкалықтар мен қазақтардың достық қарым-қатынасына көңіл бөліп, сол кезде Оспан батырмен келіссөздер жүргізген деседі. Ал Оспан батыр Исламұлының кезіндегі Шығыс Түркістан республикасының Алтай аймағын бірнеше жыл басқарғаны, оған дейін озбыр билікке қарсы шығып, мыңдаған қазақты қауіпсіз аймаққа көшіргені, Шығыс Түркістан республикасын тәуелсіз ел қылуды көксеп, сол жолда қаза болғаны тарихтан аян. Журналист Қалиакбар Үсемханның айтуынша, Қасен Оралтайдың «Елім-айлап өткен өмір» кітабында Оспан батыр мен Мәкенанның келіссөздері туралы мәлімет қамтылған. Фильмнің авторлық құқығы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығына тиесілі #Syrymbektoleu #Сырымбек #Төлеу
Hide player controls
Hide resume playing