Көрінбейді көріктім көзің мүлде, Сені ойға алып айтылар сөзім бірде. Сені есімнен шығарам деп жүргенде Есім шығып кетіпті өзімнің де. Неше жаз бен күз өтті неше көктем, Күндерімді аңсаймын кешегі өткен. Әле есімде ақпан да біз екеуміз Әппақ қарды саялап төсек еткен. Есіңде ме көп еді арманымыз, Аққала, шырша болған жан-жағымыз. Сен сол күннің барлығын ұмыттың ба? Телефонмен атушы ед таңдарымыз! Сен менің жүрегімнің жүрегісің, Жүрегімді сағынтып жүремісің? Мен саған қаншама рет ән арнап едім Тым болмаса біреуін білемісің...? Соңғы рет сені көріп үлгерем бе? Басқаға ілесіпсің жүр дегенге. Қай күні тұрмыс құрып ұзатылып Қай күні ана болдың білмегемде... Сезім, басты қайғыға алып тықты Бір пысық жан өзіңді тауып күтті. Он екі айды баяндап отырған да Он екі тал темекі жанып бітті. Осылай ғашық болғам бір аруға Әлім жетпей есімнен шығаруға. Жылуын жүрегімнің сезіне алмай Сұлуым кезіктірген сыңарын да. Менің ғана жүрегім қайғы алыпты, Ол бақыттан көңілі жайланыпты. Кеше ғана түн болса шықпайтын қыз Отбасы бар
Hide player controls
Hide resume playing