Бір жастағы сәбиін миллион теңгеге сатпақ болған шымкенттік әйел алты жылға бас бостандығынан айырылды. Полицияның мәліметінше, жас келіншек биыл қаңтар айында туған баласын қала тұрғынына тапсырып жатқан кезінде ұсталған. Тергеу барысында ол мұндай әрекетке ақша тапшылығына байланысты барғанын алға тартып, өз ісіне өкінетінін айтқан. Күдікті үй қамағына алынып, осы жылдың наурыз айында оған қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Прокурор айыпталушыны 9 жылға соттауды сұраған. Алайда апелляциялық сот 27 қыркүйекте үкімді күшінде қалдырып, 6 жылға жаза кесті. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing