Көзі жәудіреп, жаурап жатқан әжей 100 жаста. Екі айдан соң 101 жасқа толатын Ұлсүйген Сүтенқызы Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Кеңдала ауылындағы қызының қолында тұрады. Қызы да жалғызбасты ана, үйіне газ тартуға шамасы келмепті. Қарияның қолы қара тастай суық. Қызы кәдімгі пластмас бөтелкеге ыстық су құйып, оны қарияның аяқ-қолына басып, жылытпақ болғанымен, ол судың өзі тез суып қалады екен. Бөркімізді аспанға атып, цифрлы Қазақстанда өмір сүреміз дейміз, ал қарапайым ғана жылуы жоқ үйде ғасыр құрдасының тұрып жатқанынан жергілікті шенділер неге хабарсыз? Нұршай Сәрсебаева, ғасыр жасаған қарт анасының аяқ-қолын осылай суды жылытып, бөтелкеге құйып, жылытпақ болады. Бірақ адам демінің өзі бу боп шығатын қара тастай суық үйде бөтелкедегі су тез суып қалады. Әжей мекен жайы бойынша Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылында тіркеуде болған екен. Ол қызының үйіндегілер ковидпен ауырғанда Нұршай Сәрсебаева «өзім бағамын деп» қолына алған. Жарты жылдан бері жағдайы да жақсы еді, күн суығалы мүлдем мазамыз
Hide player controls
Hide resume playing