АҚШ оппозициялық журналист Жамал Хашоггидің өліміне байланысты Сауд Арабиясының 17 шенеунігіне санкция салды. “Қара тізімге“ енгендер арасында Сауд Арабиясының Стамбулдағы бас консулы, барлау қызметінің полковнигі және тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салманның кеңесшісі бар. 15 қарашада Сауд Арабиясының прокуроры Жамал Хашоггиді өлтіру туралы бұйрықты Стамбулға аттанған келіссөз тобының басшысы бергенін мәлімдеді. Олар Хашоггиді Сауд Арабиясына қайтаруға көндірмек болған. Прокурор бұл іс бойынша 11 адамға айып тағылғанын жеткізді. Прокуратура бұл іске жоғары биліктің қатысы жоқ деп есептейді. Бірақ бұған Батыс елдері мен Түркия сенбейді.
Hide player controls
Hide resume playing