Myvideo

Guest

Login

Карантин таы екі аптаа зартылды

Uploaded By: Myvideo
36 views
0
0 votes
0

Карантин тағы екі аптаға ұзартылды. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға осындай тапсырма берді. Ал 14 күннен кейін карантин тәртібі кезең-кезеңімен жеңілдейтін секілді. Бұл шешімді қабылдаудың екі негізгі себебі айтылды. Біріншіден, елдегі жағдайды оңалтуға қол жеткізу үшін, екіншіден, шекаралас елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың қиындай түсу мүмкін екендігі ескеріліпті. Президент өткізген кеңеске Премьер-министр мен Денсаулық сақтау министрі қатысқан еді. Асқар Мамин індет жұқтырғандар саны 29 процентке азайғанын жеткізсе, Алексей Цой Мемлекет басшысына карантин шараларын жеңілдету жолдарын баяндады. Бүгін тағы екі қалада бақылау бекеттерінің қойылатыны белгілі болды. Құрбан айт мерекесіне орай Атырау мен Шымкент шаһарларының айналасында полицейлер мен санитар мамандар уақытша қадағалау шараларын жүргізбек. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later