Түпкі атауы : Qon’silar Фильм өте қарапайым, жалпыға түсінікті ауылдық комедия жанрында түсірілген. Кең дала емін- еркін жайылып жүрген мыңғыраған қойларды әкеліп бір кұшкентай қораға қамаса не болады? Немесе ауладағы ескі тауықтардың ортасына бір жаңа тауық әкеліп қоссаң не болады? Фильмнің бас кейіпкерлері осы сұраққа жауап іздейді. Шағын қала көшелерінің бірінде тұратын Құдайназар құдай қосқан көршілерімен бір ауланы бөлісе алмай, екі жағындағы екі көршісінде көшіріп жібереді. Оның орнына ауылдан жаңа бір көрші көшіп келеді. Боталы сауын түйесі бар, ашық мінезді, аттас көршісі Алланазарды бүл аулаға сыйдыра біле ме? Жоқ оны да көшіртіп жібере ме? Есімдері ұқсас Құдайназар мен Алланазар көршілердің ендігі қарым - қатынасы қалай өрбімек?
Hide player controls
Hide resume playing