Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда. Ақшаң болмаса қалтаңда, табатұғын жол таңда. Тайраңдап жүр талайлар, құтырынып ортаңда. Қызық қуып түнімен, бәле жасап әр таңда. “Понт“ деген сөзді бәріміз білеміз ғой. Осы аптада Павлодарлық жастар “Понттың“ түбін түсірді. Обалы нешік, өзінің дөкейлігін көрсетем деп, өзгенің өміріне қатер төндірді. Керекудің кербездері көлік үстінде ойнақтаса, Атырау мен Қарағанды жастарының да заңға түкіргені бар. Жолдың қарсы бетімен жүйткіп, әлек салды. Иә, ертегідегі бай баласы Асандар бар арамызда. Олардың бүгінгі әлеуметтік келбеті қандай? Айдана Үсенбай көрсетеді
Hide player controls
Hide resume playing